Басты бетБүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрм...

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер көрмесі өтті

2022 жылы Өзбекстан Ғылым Академиясының Шығыстану институтында «Түркі әдебиетінің інжу-маржандары» атты 100 томдық кітаптар сериясының тұсаукесері өткен.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевқа сыйға берілген кітаптардың ішіндегі ерекше кітаптар сериясының бірі болып табылады.

Өзбекстан Жазушылар одағы мен Өзбекстан Ғылым академиясы дайындаған көп томдыққа өзбек, қарақалпақ, түрік, әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрікмен және венгр әдебиеті өкілдерінің XI-XXI ғасырлардағы 629 танымал ақындардың, ойшылдардың, жазушылардың үздік шығармалары енген. Түркітілдес мемлекеттердің ақындары мен жазушыларының шығармалары өзбек тіліне аударылған.

Кітаптар сериясын дайындауға 200-ден астам аудармашы, 100-ден аса әдебиеттанушы, текстолог ғалымдар, жазушылар, редакторлар мен суретшілер тартылды.

Серия Ташкентте 200 мың тиражбен жарық көрді.

100 томдық жинақтың алғашқы томдарына түркітілдес халықтардың бәріне ортақ ғұлама ғалымдардың еңбектері енген.

Алғашқы томдарға Махмұт Қашқари, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Махтумкули т.б. ақын, ойшыл, ғұлама ғалымдардың еңбектері жарияланған.

100 томдық серияның 10 томы қазақ әдебиетіне арналып, Абай мен Жамбыл шығармаларынан басталады. М. Әуезов, О. Сүлейменов, М. Шаханов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов пен Ә. Кекілбаевтың еңбектері жеке томдармен жарық көрген.

Жинақта А. Байтұрсынов, Б. Майлин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Дөнентаев, Ш. Иманбаева, Ә. Сәрсенбаев, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Орманов, Д. Әбілов, Ж. Сайын, Ж. Молдағалиев, Х. Ерғалиев, Қ. Аманжолов, С. Мәуленов, К. Салықов, Ф. Оңғарсынова, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев, Т. Молдағалиев, М. Шаханов К. Ахметова, Н. Оразалин, Ғ. Мұстафин, Б. Момышұлы, Т. Әлімқұлов, Б. Соқпақбаев, Ә. Нүрпейісов, Ш. Мұртаза, М. Мағауин, С. Жүнісов, О. Бөкей, Р. Сейсенбай, М. Қабанбай т.б. шығармалары өзбек тіліне аударылған.

Кітапхана қорына түскен кітаптар: Л. Млечин «Қасіретті қаңтар. Президент Тоқаев және антқа адалдық»; Р. Ақмағанбет «Алаш демократиясы. Өркениетті қоғам құру жолында» (қазақ, орыс тілдерінде); Б. Әбдіғалиұлы «Алашорда әскері»; А. Құспан «Алаш заңгерлері»;

С. Әкімбеков «Дала тарихы : Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің феномені»; Фуктяма Франсис «Либерализм және оған айтылған сын».