
Темірболат Бақытжан Берікбайұлы, 1972 жылғы 10 желтоқсанда туған, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бастаған.
2000-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдамалық орталықтың бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының бас инспекторы, Президент Кеңсесі бастығының орынбасары, Жалпы бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы.
2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры.
Саяси ғылымдардың кандидаты.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Әбішева Мариан Асарқызы, 1971 жылы 23 қаңтарда туған, Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы ЖОО оқытушы болып бастаған. 1997-2005 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істеп, онда Халықаралық байланыстар басқармасының 1 санатты маманынан Халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің басшысына дейін қызмет баспалдағымен көтерілген.
2005-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2011-2014 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Ақпараттық-талдау департаментінің бас менеджері.
2014-2018 жж. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының Геосаясат және өңірлік зерттеулер қызметінің, Халықаралық ғылыми жобалар қызметінің басшысы.
2018-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры.
2022-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры.
2024-2025 жж. – Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің мүшесі.
Саяси ғылымдардың кандидаты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Жүкенов Дулат Амантайұлы, 9 маусымда 1975 жылы туған, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қалалық жұмыспен қамту орталығында бастаған. Кеңесшіден басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда Ақмола облысы әкімі аппараты, ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі, ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.
2008-2014 жж. ҚР Президенті Іс басқармасының сектор меңгерушісі, «ҚР ПІБ инженерлік-техникалық орталығы» АҚ вице-президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаменті директорының орынбасары.
2014 жылдан 2019 жылға дейін – бизнес-құрылымдарда («ЛидерКом» ЖШС техникалық директоры, «ҚазАгроҚаржы» АҚ департамент директоры) жұмыс істеді.
2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары, директоры.
2021-2023 жж. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары.
Менеджмент магистрі (М.В. Ломоносов атындағы ММУ).
Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы, 1971 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогиқалық университетін «Тарих және әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Ерейментау ауданындағы Еңбек ауылдық толық емес орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімы ретінде бастаған.
1995-2004 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, декан орынбасары, аға оқытушы ретінде қызмет атқарған.
2002-2004 жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында ғылыми қызметкер, «Саяси технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2004-2008 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде бас сарапшы, бас инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2008-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары.
2017 ж., қаңтар-мамыр – Қазақстан Республикасы Түңғыш Президенті кітапханасының Ұйымдастырушылық қызметінің басшысы.
2017-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Түңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары.
2023 жылдан бастап - бүгінгі күнге дейін – Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары.
Тарих ғылымдарының кандидаты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.