Басты бетБіз туралы

Біз туралы

Президенттік орталық қызметінің мәні Қазақстан Республикасы Президентінің музей жинағының және жеке кітапхананың, Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің музей жинақтарының, жеке кітапханаларының және жеке архивтерінің жұмыс істеуін кітапханалық-библиографиялық, архивтік, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-қордық, мәдени-ағартушылық және имидждік қамтамасыз ету болып табылады.

 

Президенттік орталық қызметінің мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің музей жинақтары мен жеке кітапханасының, Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің музей жинақтары, жеке кітапханалары мен жеке архивтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің өмірі мен қызметі туралы материалдарды жинау, жүйелеу және зерделеу;

3) Қазақстан Республикасының Президенті мен экс-президенттері қызметінің призмасы арқылы Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихын зерделеу;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің тарихи мұрасын ақпараттық-имидждік ілгерілету.