Басты бетҚұрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары саласында шынымен революциялық өзгерістер болып жатыр. Теледидар, радио және газеттерден тұратын дәстүрлі БАҚ қызметкерлерінің қатары желілік медиа өкілдерімен елеулі толықты. Мобилографтар, копирайтерлер, контент-менеджерлер, SMM-мамандар, таргетологтар, инфопродюсерлер, веб-дизайнерлер сүйемелдейтін блогерлер мен онлайн-стримерлердің ауқымды күші бүгінде күнделікті мәтінді қалыптастырып қана қоймай, масс-медиадағы іскерлік этикасының стандарттарын да белгілейді.

Кәсіби журналист болмағанына қарамастан кең аудиториясы мен айтарлықтай қаржылық айналымы арқасында бұл тұлғалар сенім артатын және дәйексөз келтіретін қоғамдық пікір көшбасшылары ретінде әрекет етуде. Өкінішке орай, хайп пен танымалдылыққа ұмтылатын медиа-қауымдастықтың, соның ішінде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының жекелеген өкілдері де саржағал баспасөз деңгейіне түсетін жағдайлар аз емес.

Ақиқатқа жетуге, игі істі тындыруға, лауазымды тұлғалардан саналы жауапты алуға деген ұмтылыс түсінікті әрі мақтауға тұрарлық. Бұндағы мәселе – қол жету тәсілінде.

БАҚ өкілі деген биік атағы (бұл ретте кәсіби журналистер мен әлеуметтік медиа-амбассадорларын қоса айтқым келеді) белсенді азаматтық ұстанымды ғана емес, сонымен қатар біліктілікті, мәдениетті, адамгершілікті талап ететініне сенімдімін. Бұл қасиеттердің бірігуі ғана нағыз журналистиканы қалыптастырады.

Әйгілі француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери өзінің «Кішкентай ханзада» шығармасында айтқандай, сыпырушы жер шарының бір бөлігін тазалап жатса, ал шам жағушы ғаламның қараңғылығын жарықтандырады. БАҚ өкілдері бұны ерекше есте ұстауы қажет.

 

Ізгі тілікпен,

 

Қазақстан Республикасы

Президенттік орталығының

директоры

Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ