Басты бет › Тарих әлеміне бастар жол: елордалық бүлдіршіндер музей жәдігерлерімен танысты

Тарих әлеміне бастар жол: елордалық бүлдіршіндер музей жәдігерлерімен танысты

Тарих әлеміне бастар жол: елордалық бүлдіршіндер музей жәдігерлерімен танысты Тарих әлеміне бастар жол: елордалық бүлдіршіндер музей жәдігерлерімен танысты

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының мамандары елордалық №26 «Үміт» балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне қызықты көшпелі музей сабағын өткізді. Іс-шара «Музей және балалар (ең кішкентайларға арналған әліппе-жолкөрсеткіш)» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көшпелі сабақтың басты мақсаты – мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді музей әлемімен таныстыру, олардың өрісін кеңейту және ұлттық мәдени мұраны ұлықтау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сұхбат және ойын түрінде өткен сабақта балалар музейдің маңызын, оның тарихты қалай сақтайтынын білді. Сонымен қатар «жәдігер» пен «топтама» ұғымдарымен алғаш рет танысты.
Орталық қызметкерлері бүлдіршіндерге қордағы құнды жәдігерлерді көрсетті. Олардың қатарында теннисші Борис Беккердің қолтаңбасы қойылған теннис добы, пошта маркаларынан жасалған бірегей көркем паннолар, сирек кездесетін медальдар мен монеталар бар.
Балалардың жаңа ақпаратты жақсырақ түсінуіне танымдық викториналар, тақырыптық жұмбақтар мен «Топтаманы толықтыр» дамытушылық ойыны септігін тигізді.