Басты бет › ҚР Президенттік орталығы жастарды «Әділетті Қазақстан» құндылықтары төңірегінде біріктіруде

ҚР Президенттік орталығы жастарды «Әділетті Қазақстан» құндылықтары төңірегінде біріктіруде

ҚР Президенттік орталығы жастарды «Әділетті Қазақстан» құндылықтары төңірегінде біріктіруде ҚР Президенттік орталығы жастарды «Әділетті Қазақстан» құндылықтары төңірегінде біріктіруде ҚР Президенттік орталығы жастарды «Әділетті Қазақстан» құндылықтары төңірегінде біріктіруде

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы апта сайын «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» семинар-тренингін өткізеді. Кезекті семинар еліміздің ірі мегаполистерінің жоғары сынып оқушылары мен елордалық студенттерге арналды.
Жоба қазақстандық мемлекеттілік тарихын ұлықтауға, өскелең ұрпақты отаншылдық, азаматтық сана рухында тәрбиелеуге және олардың бойында жасампаз құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Теориялық сессияларды, интерактивтер мен топтық жұмысты ұштастырған бағдарлама екі форматта жүзеге асырылды. 21-22 қазан күндері Алматы және Шымкент қалаларындағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін екі күндік семинар-тренинг онлайн өтті. Ал 29 қазанда Астана халықаралық университетінің (AIU) студенттеріне арналған көшпелі практикум ұйымдастырылды.
Тыңдаушылар «Әділетті Қазақстан» саяси бағыты: институционалдық реформалар және жаңа қоғамдық әдеп» және «Жастар – жаңғырудың басты факторы: мүмкіндіктер мен жауапкершілік» атты негізгі дәріс модульдерін жүйелі зерделеді. Интерактивті тапсырмалар қатысушылардың алған білімін бекітуге көмектесіп, жас буынның қазіргі қоғам дамуындағы рөлін бірге талқылауға және өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік берді.
«Алматы дарыны» орталығының әдіскері Анар Тойлыбаеваның айтуынша, семинар-тренинг өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Ол теория мен интерактивтің үйлесімді ұштасуы оқушылардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға, әділдік, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын тереңірек түсінуге көмектескенін айтып, осындай маңызды білім беру шарасын ұйымдастырғаны үшін Президенттік орталыққа алғысын білдірді.