Басты бетПрезиденттік орталық қызметкерлері мектеп оқушыларына Конституциядағы тіл мәртебесі және қазақ ті...

Президенттік орталық қызметкерлері мектеп оқушыларына Конституциядағы тіл мәртебесі және қазақ тілінің ІТ жобалары туралы дәріс өткізді

Президенттік орталық қызметкерлері мектеп оқушыларына Конституциядағы тіл мәртебесі және қазақ тілінің ІТ жобалары туралы дәріс өткізді Президенттік орталық қызметкерлері мектеп оқушыларына Конституциядағы тіл мәртебесі және қазақ тілінің ІТ жобалары туралы дәріс өткізді Президенттік орталық қызметкерлері мектеп оқушыларына Конституциядағы тіл мәртебесі және қазақ тілінің ІТ жобалары туралы дәріс өткізді

2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-9 сынып оқушыларына арналған «Тіл мәртебесі – біздің болашағымыз бен таңдауымыз»атты танымдық дәріс өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы құқықтық реформалармен таныстыру және жастардың Отаншылдық сезімін арттыру.

Дәріс барысында оқушыларға тілге қатысты жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер қолжетімді тілмен түсіндірілді. Оқушылар назарына Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының цифрлық кеңістікті бағындыруға бағытталған инновациялық өнімдерімен қатар, қазақ тілінің ІТ технологиялар мен жасанды интеллект жүйелеріне енуі көрсетілді. Дәріс барысында tilqazyna.kz порталы мен оның ішіндегі пайдалы контенттерге, цифрлық платформаларға толық тоқталып, оқушылардың бұл өнімдерді күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны көрсетілді.

Дәріс соңында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Тренд сөздерді шеш» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды. Жасөспірімдер күнделікті өмірде қолданылатын шетелдік сленг сөздердің («кринж», «хайп», «скилл», «контент») қазақша әдемі баламаларын тауып, тіл байлығын ортаға салды. Сұрақтарға жауап беріп, дәріске белсенді қатысқан оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы атынан кітаптар берілді.