Басты бетБір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар

Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар

Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар Бір көрме – әртүрлі көзқарас: «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» көрмесіндегі авторлық экскурсиялар

ҚР ПІБ Президенттік орталығында фототілші, өлкетанушы әрі елорда шежірешісі Нұрмұхамат Имамовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Н. Имамов: 100 жыл. 100 сәт» ретроспективалық фотокөрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған авторлық экскурсиялар мен дәрістер топтамасы өтуде.

Авторлық экскурсиялардың басты ерекшелігі – көрме материалдарын әртүрлі сала мамандарының өзіндік кәсіби пайымы мен жеке интерпретациясы арқылы таныстыру. Бұл формат көрерменге бір экспозицияға әр қырынан қарап, тарихи фотосуреттердің мазмұны мен мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Көрме аясындағы авторлық экскурcияларды елордалық гид Асель Шуленбаева, сәулетші әрі зерттеуші Темиртас Искаков, журналист әрі өлкетанушы Дмитрий Глухих, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Күлшат Медеуова өткізді.

Әр сарапшы көрме экспозициясына өзіндік көзқарас қалыптастырып, Нұрмұхамат Имамовтың архивтік фотосуреттерін қала тарихы, қоғамның өзгеруі, адам мен уақыт байланысы тұрғысынан зерделеп, келушілерге жаңа пайымдар ұсынды. Ал дәрістер барысында фотограф мұрасының тарихи және мәдени құндылығы кеңірек талқыланды.

Экспозицияға енген 100 архивтік фотосурет Целиноград пен Ақмоланың қалыптасу кезеңдерінен бастап, бүгінгі Астанаға дейінгі қаланың өзгеру жолын көрсетеді. Қала көшелері мен сәулеті, күнделікті өмір көріністері, тарихи оқиғалар мен елорда тарихында өзіндік із қалдырған тұлғалар – Н. Имамовтың объективі арқылы уақыттың бірегей дерегіне айналған.

Авторлық экскурсиялар келушілерді дайын ақпаратпен ғана таныстырып қоймай, тарихи кадрларға жаңаша көзқараспен қарауға, өткен кезең мен бүгінгі қала келбеті арасындағы сабақтастықты сезінуге жетелейді.