Басты бетҚазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін...

Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады

Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады Қазақстанның болашағы: «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушілері Президенттік орталықта Қала күнін тойлады

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Елорда күніне арналған «Асқақтай бер, жаса Астана!» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауқымды концерттік бағдарламаны елордалық №53 «Мерей» бөбекжай-бақшасының ұжымы мен тәрбиеленушілері ұсынды.

Бағдарлама №53 «Мерей» балабақшасының жетістіктерін көрсететін арнайы бейнероликпен ашылды. Мерекенің басты ерекшелігі – «Қазақ елінің мақтаныштары» атты бірегей театрландырылған қойылым болды.

Сюжет бойынша кішкентай әртістер тәрбиешілерімен бірге көрермендерді интерактивті «Жаңалықтар шығарылымына» жетелеп, елдің басты ұлттық брендтері мен символдарына жан бітірді: халықтың музыкалық мұрасы – домбыраны, қазақ қонақжайлылығының белгісі – бауырсақ, қымыз және құртты, ұлттық ойындар мен ұрпақтар сабақтастығының символы – асықты, сондай-ақ еліміздің ұлылығы мен тәуелсіздігін айшықтайтын – Бәйтерек пен қыран бүркітті нақышына келтіре бейнеледі. Ертегі әлеміне саяхат барысында кейіпкерлер әрқайсысы егемен Қазақстанның мәдени кодының ажырамас бөлігі екенін дәлелдеу үшін елордаға аттанды.

Ересектер топтарының тәрбиеленушілері түрлі жанрда жоғары шеберлік деңгейін көрсетті. Әуезді ән, жүрекжарды жырлар және күмбірлеген аспаптық нөмірлер көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленді. Бағдарлама аясында «Рух» және «Туған жер» патриоттық әндері, «Арай» тобының орындауындағы әсерлі «Аққу» биі, «Әдемі-ай» тобының серпінді «Мен қазақтың ұлымын!» биі, сондай-ақ «Қарлығаш» және «Әдемі-ай» топтарының балалар оркестрлері орындаған Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» мен Ә. Дүйсеновтің «Астана думан» күйлері жоғары шеберлікпен орындалды.

Астананың сәулетіне, ел тәуелсіздігіне және бабалар аманатына арналған өлеңдерді жатқа оқыған кішкентай мәнерлеп оқушылар ерекше атмосфера сыйлады.

Концерт барлық әртістер мен педагогтердің қатысуымен аты аңызға айналған «Атамекен» (әні Е. Хасанғалиев, сөзі Қ. Мырза Әлі) әнін жаппай орындаумен аяқталды.

Мереке соңында Президенттік орталық директорының кеңесшісі Серік Сыдықов балабақша ұжымы мен бүлдіршіндерге ерекше әсер мен нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді: «Балалардың өнер көрсетуіндегі шынайылық пен ынта-жігер – бұл өте ерте жастан жүректе оянатын нағыз, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі. Туған жерге деген сүйіспеншілік, дәстүрге деген құрмет және елордамызға деген мақтаныш біздің мәдени кодымыздың беріктігін дәлелдейді. Осы бір қанаттанған өскелең ұрпаққа қарап, еліміздің болашағына кәміл сене аламыз. Ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген дәл осы балалар егемен Қазақстанды көздің қарашығындай сақтап, алға жетелейтін болады». Сонымен бірге, ол жиналғандарды келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.