2026 жылғы 12 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 25 жылдығына орай «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: 25 жылдағы эволюциясы мен трансформациясы» тақырыбында сарапшылық кездесу өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – ШЫҰ-ның 25 жылдық даму қорытындыларын талдау, ұйым алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді айқындау және оның құрамының кеңеюі жағдайында институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу.
Сарапшылық кездесуге ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Дәурен Әбен, мемлекеттік органдардың өкілдері, бейінді сараптамалық орталықтардың жетекшілері мен жетекші сарапшылары, сондай-ақ Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысады. Сарапшылық кездесу гибридті форматта өтеді. Шетелдік қатысушылар іс-шараға онлайн режимде қатысып, баяндама жасайды