Басты бетАстанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессияс...

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы өтеді

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы өтеді

2 маусым күні сағат 11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық сессиясы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жүректен жүрекке» мерекелік іс-шарасы өтеді.

Іс-шара Астана қаласының Мүгедек балалар қоғамы қоғамдық бірлестігімен және «Өрлеу» психологиялық орталығымен бірлесіп, сондай-ақ «AMANAT» партиясының елордалық филиалының белсенді қолдауымен ұйымдастырылуда.

Бұл маңызды шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды шығармашылық, өнер және ойын қызметі арқылы қолдауға және олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болмақ.

Студент-еріктілер қатысушыларға достық пен өзара құрметті дәріптейтін тағылымды ертегі қойылымын ұсынады. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаны М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері дайындаған концерттік нөмірлер толықтырады.

Арт-терапиялық сессия барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашып, қиялдарын шыңдап, қолда бар материалдардан әсем бұйымдар жасап көруге мүмкіндік алады.