Осы қос мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы жылдарында ата-бабаларымыздың қандай зор құрбандықтарға барғанын еріксіз еске алып, бүгінде бейбіт өмірдің қаншалықты нәзік екенін тереңірек түсініп, оны сақтаудың маңызын айқын сезінеміз.
Біздің міндетіміз – осы тарихи мұраны қастерлеп, келер ұрпаққа аманат ету және соған лайық болу. Орасан күш-жігер мен адам шығыны арқылы келген тыныштық бізден құрметті, жауапкершілікті әрі бірлікті талап етеді.
Қазіргі жағдайда қоғам үшін әскери қызметкерлерге және Қарулы Күштерімізге ерекше ілтипатпен қарау аса маңызды. Ал мемлекет тарапынан олардың жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар жүйелі түрде жасалуы тиіс. Сонда ғана сарбаздарымыз ел тыныштығын сенімді қорғап, тәуелсіздігіміздің берік қалқаны бола алады.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, тұрақтылық және ашық аспан тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
директоры
Бақытжан Темірболат