Басты бетҚР Президенттік орталығында президенттік институтты дамытуға арналған дөңгелек үстел өтеді

ҚР Президенттік орталығында президенттік институтты дамытуға арналған дөңгелек үстел өтеді

ҚР Президенттік орталығында президенттік институтты дамытуға арналған дөңгелек үстел өтеді

2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де ҚР Президенттік орталығында «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: жаңа конституциялық модельге көшу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Қазақстанның саяси дамуының қазіргі кезеңі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституциямен байланысты ауқымды институционалдық трансформациямен сипатталады.

Негізгі Заң мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі әрі стратегиялық шешімдер қабылдау орталығы ретінде президенттік институттың құрылымы мен рөліне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, 2026 жылғы Конституцияда Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктеріне енгізілген өзгерістер жекелеген сипатта емес, жүйелі сипатқа ие болып, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың іргелі қағидаттарын қамтиды.

Жаңа Конституция президенттік институтты күшейтетін бірқатар тетіктерді бекітеді: негізгі лауазымды тұлғаларды тағайындау құқығы және жаңа саяси институттарды қалыптастыруға ықпал ету мүмкіндігі. Президенттік вертикальді нығайтудың маңызды құралы ретінде вице-президент лауазымының енгізілуі қарастырылған. Бұл қадам билік сабақтастығы тетігін институционалдандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Президент, Құрылтай және мемлекеттік биліктің басқа тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі күшейтіледі.

Іс-шараға парламентарийлер, ғылыми қауымдастық өкілдері, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ жетекші қазақстандық сарапшылар қатысады. Олардың қатарында: ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат, ҚР Конституциялық Сотының судьясы Сергей Ударцев, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева және басқалар бар.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар 2026 жылы қабылданған жаңа Конституция контексінде Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың трансформациясын талқылап, жан-жақты талдау жүргізеді. Пікірталас форматы орын алған өзгерістердің мазмұнын айқындап қана қоймай, олардың жүйелік салдарын анықтауға, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік модельдің одан әрі эволюциясының бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.