Басты бетБолашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік: жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар...

Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік: жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы

Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік:  жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік:  жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік:  жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік:  жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы Болашақ туралы диалог және азаматтық жауапкершілік:  жоғары сынып оқушыларына арналған вебинарлар сериясының қорытындысы

Өткен үш апта ішінде ҚР ПІБ Президенттік орталығының ғылыми қызметкерлері мен сарапшылары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жылпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған семинар-тренингтер сериясын өткізді. 2026 жылға арналған «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» білім беру бағдарламасы аясында іске асырылған бұл жоба жаңа буынның құндылық бағдарларын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

          Екі күндік кездесулердің мазмұндық бөлімі мемлекеттік реформаларды теориялық тұрғыдан түсінуден бастап, азаматтық бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға дейінгі жүйелі жол ретінде құрылды. «Әділетті Қазақстан» саяси курсына арналған алғашқы секция аясында қатысушылар институционалдық қайта құрулар мен жаңа қоғамдық этиканың негіздерін талдады. Бұл оқушыларға азаматтықтың этикалық қырын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді, мұнда реформалар жай ғана құқықтық актілер емес, әлеуметтік әділдіктің негізі ретінде қарастырылады.

          Интерактивті тренингтер мен командалық ойындар барысында жоғары сынып оқушылары цифрлық трансформация жағдайында ең қажетті дағдыларды: бейімділік, медиасауаттылық және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру қабілетін меңгерді. Жобалық жұмыс көшбасшылық әлеуетті анықтау алаңына айналды, онда әрбір қатысушы жеке үлесі арқылы ел болашағы үшін өз жауапкершілігін сезіне алды.

          Қостанайлық Анна Хозяинова семинардан алған әсерімен бөлісті: «Президенттік орталыққа қызықты әрі жігерлендіретін семинар үшін алғыс айтқым келеді. Осы екі күн ішінде мен өз елімнің өміріне қосатын үлесімнің маңыздылығын, өз күшімді, білімімді, идеяларым мен мүмкіндіктерімді қолдана отырып, қоғамға нақты пайда әкеле алатынымды ұғындым. Еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептеймін. Осыған өз септігімді тигізу мүмкіндігім бар екеніне өте қуаныштымын. Қазақстанның бізге, яғни жастарға сенім артып, осындай жаңа мүмкіндіктерді ұсынып отырғаны маған қатты ұнайды».