Басты бетЖоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады

Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады

Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады Жоғары сынып оқушылары Байқоңырдың маңызын талқылады

14 сәуір күні мәдени-білім беру іс-шаралары жоспарына сәйкес және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен Ғарышкерлер күніне орай «Қазақстан – ғарыш айлағы» атты музей сабағы өтті.

Іс-шараға Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияның 10 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Олар ұстазы Нұрсұлтан Досыбаевпен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи және стратегиялық маңызын зерделеді.

Сабақ модератордың кіріспе сөзімен басталды. Ол Қазақстанның ғарыш кеңістігін игерудегі айрықша рөліне тоқталды. Дәл осы қазақ даласы Юрий Гагаринді алғашқы ұшу сапарына аттандырып, дүниежүзідік космонавтиканың бесігіне айналды. Еліміздің жоғары ғылыми-техникалық әлеуетінің символына айналған ұлтымыздың қаһарман-ғарышкерлері: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке ерекше назар аударылды. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін мектеп оқушыларына ғарыш айлағы дамуының негізгі кезеңдері туралы деректі фильм көрсетілді.

Интерактивті форматта өткен іс-шарада оқушылар деректерді талдаудың заманауи әдістерін қолданды:

  • «FILE» әдісі: жоғары сынып оқушылары Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінің ерекшеліктерін талдап, Байқоңырдың жаһандық нысан ретіндегі бірегейлігін анықтады;
  • SWOT-талдау: пікірталас барысында қатысушылар ғарыш айлағының күшті және әлсіз жақтарын бағамдап, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері мен экологиялық мәселелерді талқылады;
  • Жобалық қызмет: топтарға бөлінген оқушылар ғарыш айлағының 65 жылдығына және қазақстандық космонавтиканың болашағына арналған тақырыптық постерлерін қорғады.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын айрықша атап өтті. Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның ғарыш саласын одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.