Басты бетМұражай әлемі бойынша жолсілтеуші-әліппе

Мұражай әлемі бойынша жолсілтеуші-әліппе

Мұражай әлемі бойынша жолсілтеуші-әліппе

27 наурыз күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ғылыми-ағартушылық жобасының аясында  Астана қ. № 90 «Еркежан» бала бақшасының тәрбиеленушілеріне «Музей және балалар» кішкентайларға арналған жолсілтеуші-әліппесінің негізінде «м» әрпіне арналған көшпелі музейлік сабағы өтті.

Шара балаларды оқу үрдісіне жұмылдыруға бағытталған «Достық эстафетасымен» басталды. Балалар ойын түрінде ана, жидек, бал және аю туралы жұмбақтарды шеше отырып, кездесудің басты ұғымы «музей» сөзіне тоқталды. Әңгімелесу барысында тәрбиеленушілер музейдің тарихи мұраны сақтаудағы рөлі мен Президенттік орталықтың қызметімен танысып білді.

Музей қорынан алынған жәдігерлермен танысу балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балаларға «м» әрпіне басталатын Президенттік орталықтың музейі қорынан алынған бірегей жәдігерлер: Борис Беккердің қолтаңбасымен доп, маркалардың көркем жинағы, медальдар мен монеталар көрсетілді. Осы заттардың негізінде бүлдіршіндер «жәдігер» және «жинақ» терминдерінің мағынасымен танысты. «Жинақты толықтыр» тақырыптық ойынында әрбір бала білік-дағдыларын көрсете отырып, алынған мәліметтерді бекітті.

Жобаның мақсаты алфавитті бекіту және сөздік қорын кеңейту ғана емес, бүлдіршіндердің еліміздің мәдени-тарихи құндылықтарына қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.