Басты бетПрезиденттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды

Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды

Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Көктем тынысы» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған Астана қаласы Суретшілер одағының «Көктем тынысы» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

 «Көктем тынысы» көрмесі – елорданың заманауи өнерінің танымал шеберлері мен жарқын өкілдерін біріктірген ауқымды шығармашылық жоба. Көрмеге 20 суретшінің 39 туындысы қойылған.

Бұл көрме тек шеберліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар табиғаттың қысқы ұйқыдан көктемгі күннің алғашқы сәулелеріне көшу сәтін түсіруге шынайы әрекеттің көрінісі. Көрменің мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарына көктем әрқашан өзімен бірге әкелетін жарық пен үміт сезімін сыйлау. Астана қаласы Суретшілер Одағы үшін бұл отандық өнерді дәріптеудегі маңызды қадам болып таблады.

Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ кең жұртшылық өкілдерінен шамамен 100 жуық адам қатысты.

Әр шығарма бұл авторлардың табиғаттың оянуы, өмірдің жаңаруы және көктемнің сайын дала мен қала пейзаждарына әкелетін ерекше энергиясы туралы ерекше ой-толғанысы болып табылады. Көрермендер классикалық кескіндеме өнерімен қоса заманауи интерпретациялар сияқты әртүрлі стильдер мен әдістерді көре алады. Жоба атақты өнер қайраткерлермен қатар талантты жас суретшілерді де біріктіреді. Авторлары: Өмірәлі Исмаилов, Мәжит Байтенов, Исмаил Ачилов, Ерлан Айтуаров, Әнуар Игембаев, Әділғали Баяндин, Бақытнұр Бурдесбеков, Вера Слабоспицкая, Ренат Елубаев, Төлеш Ботагөз және т. б.

Көрме авторларының шығармалары Қазақстан мен әлемнің бірқатар елдерінің, соның ішінде АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, Өзбекстан және Чехияның музей жинақтары мен жеке коллекцияларында сақтаулы.

Экспозицияның басты екпіндері:

- жанрлық әртүрлілік: классикалық реализм мен нәзік импрессионизмнен бастап, батыл абстрактілі шешімдерге дейін.

- тақырыбы: Қазақстанның көктемгі пейзаждары, гүлдер композициясы және халықтық мәдени дәстүрлерді дәріптейтін сюжеттер орталық орын алады.

- шеберлік: Көрмеге қатысушылар халықаралық деңгейде еліміздің намысын қорғап жүрген Астана қаласы Суретшілер одағының мүшелері.