2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Адами капитал – мемлекеттің дамуының негізі» атты панельдік пікірталас өтеді.
Іс-шара аясында шақырылған спикерлердің қатысуымен пікірталас ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.С.Шаталов, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының (2016) қола жүлдегері, әйелдер күресінен Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2023) және Азия ойындарының жүлдегері, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Спортшылар комиссиясының мүшесі Э.А.Сыздықова, сондай-ақ «Espresso Day» кофеханалар желісінің иесі А.Е. Қази қатысады.
Панельдік пікірталастың мақсаты – жастардың мемлекетті дамытудағы рөлін талқылау, сондай-ақ жастарды белсенді азаматтық ұстанымға, кәсіби және тұлғалық дамуға ынталандыру.
Іс-шара бағдарламасында адами капиталды қалыптастыру мен дамытудың стратегиялық ресурс әрі елдің орнықты дамуының негізгі факторы ретіндегі маңызы қарастырылады.
Аккредитация міндетті!
БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 18 наурыз сағат 18:30-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).
Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.