Басты бетЕлордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті

Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті

Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылуы өтті

ҚР  Президенттік орталығында тарих пен өлкетануды ұштастырған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Фотокөрме 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, Еңбек адамын насихаттауға, жеңіл өнеркәсіп мамандықтарының беделін арттыруға және кәсіби мәдениет құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Көрменің негізін фотограф-өлкетанушы Нұрмұхамат Имамовтың жеке қорынан алынған архивтік фотосуреттер құрайды. Биыл оның 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Суреттерде елорданың тігін кәсіпорындарының тарихы бейнеленген.

Көрменің «Естеліктер» атты жеке экспозициялық кеңістігінде өткен жылдардағы пішім үлгілері, сән журналдары мен газет жарияланымдары топтастырылған. Тарихи фотосуреттердің матаға басылып, ретро-аксессуарлар түрінде ұсынылуы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырады.

Іс-шараның ашылу рәсіміне танымал қазақстандық тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызы, сондай-ақ фотокөрмеде ұсынылған жұмыстардың фотопринттерімен безендірілген әйелдер киімі топтамасын таныстырған дизайнер Зарина Ақшұлақова қатысты.

 

 

Автор туралы

Нұрмұхамат Имамов (1926–2012) – Ұлы Отан соғысының ардагері, фототілші. Ол бірнеше онжылдық бойы Ақмола қаласының еңбек тынысын, соның ішінде өңірдің жеңіл өнеркәсіп тарихын құжаттап отырған.