Басты бетЕлордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынан барлығы 60 адам қатысты.

Конференцияның мақсаты – конституциялық жаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысуды біріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.

«Бүгін еліміз ауқымды конституциялық реформаның табалдырығында тұр. Оның маңызды кезеңдерінің бірі – биылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум. Мемлекет басшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетіміздің конституциялық негіздерін толық қайта жаңғырту қажеттілігі туралы мәселе қояды. Негізінен, бұл – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы», – деп атап өтті. Елдің жаңа Негізгі заңы жобасы аясында қарастырылып отырған ең маңызды мәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдікті нығайтуға және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған бірқатар нақты әрі жүйелі шаралар қабылданды. Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да ұйымдардан тұратын қоғамдық ұйымдардың дамыған желісі бар. Біз Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында бас қосып отырғанымыздың өзі терең символдық мәнге ие. Бұл күн гендерлік қатынастар саласындағы бір ғасырдан астам уақыт бұрын болған шынайы серпілісті білдіреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында біз гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру бағытында одан әрі нақты қадамдар жасауымыз қажет», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

«Бүгінгі таңда гендерлік теңдік инклюзивті және орнықты дамудың негізгі элементі болып қала береді. Саяси контекстің өзгеруі, демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруі жаңа шындықтарды қалыптастырып, бір жағынан мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктерді айқындай түсуде. Осындай жағдайда конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды растауға, институционалдық кепілдіктерді нығайтуға және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйелерде кепілдіктерді күшейтудің құқықтық негізін қалыптастырады», – деді БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкілі Гюрэс Джерен Гювен.

Отырыс барысында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасалды. Мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдері озық тәжірибелермен, зерттеулермен және деректермен алмасып, пікірталасты жаңа идеялар мен көзқарастармен байытты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Таудың пікірінше, конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгерту ғана емес, халықтың өмір сүру философиясын және мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімді айқындайтын үдеріс. Қазіргі гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбен үндес бағыт.

«Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбек нарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы. Осындай жағдайда отбасы институтының рөлі мен оны нығайтудың маңызы арта түсуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің саясат пен экономикаға қатысуы артқан сайын әлеуметтік саясаттың сапасы да жоғарылайды. Қазақ қоғамында әйел әрдайым маңызды рөл атқарған – ол тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел тағдырына жауапты тұлға. Сондықтан гендерлік саясатты ұлттық дәстүрлерге қарсы құбылыс ретінде емес, қазақ мәдениетінің заманауи жалғасы ретінде қарастыру қажет», – деді депутат.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза Шужeева Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың дербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар алмасу және банк құпиясын сақтау құқықтары тікелей бекітілгенін атап өтті. Осылайша, аталған кепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялық мәртебеге ие болды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова, журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, Қазақстан тарихына арналған телебағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева, Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдану және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанова, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Eligai» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Сания Ирсалиева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «PANA» жобасының жетекшісі, Әйелдер күштері альянсының басқарма мүшесі Лариса Ли, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың басым бағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер жағдайында отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар инклюзивті және орнықты қоғам қалыптастыруға негізделген.