ҚР ПІБ Президенттік орталығы ағымдағы жылдың 10 ақпанында Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенттері үшін «Қазіргі заманның экологиялық мәселелері: жағдайы және шешу жолдары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында жаһандық жылыну, озон қабатының бұзылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы және т. б. сияқты жердің бүкіл экожүйесінің тұтастығы мен құрылымын бұзатын қазіргі заманның экологиялық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Еуразия құрлығының орталығында және Дүниежүзілік мұхиттан едәуір қашықтыққа алыс орналасқан Қазақстан аумағы жер шарының орташа деңгейінен жылдам қарқынмен жылынатынын көрсететін деректер қаралды. Қазақстанда орташа жылдық температура ғана емес, сонымен қатар экстремалды табиғи құбылыстардың жиілігі де өзгеруде. Қазірдің өзінде елде климаттың өзгеруіне бейімделудің Ұлттық жоспары әзірленуде.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі екенін атап өтті. «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз», - деді Мемлекет басшысы.