Басты бетПрезиденттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті

Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті

Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті Президенттік орталықта Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сағат өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Үш бірдей бақытым: Халқым, Тілім, Отаным» атты әдеби-музыкалық сағат өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, оның рухани әлемінің тереңдігін ашу, сондай-ақ қатысушылардың ұлттық поэзияға деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының мәдени құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру.

Әдеби-музыкалық сағатқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінің шамамен 60 әскери қызметшісі қатысты.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын кітапхана қорының басылымдары ұсынылып, тақырыптық әдебиеттерге шолу жасалды. Сондай-ақ қатысушылар назарына «мавр» шығармасы ұсынылды.

Бағдарлама аясында Мұқағали Мақатаевтың таңдаулы шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша командалық байқау ұйымдастырылып, ол қатысушылардың көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар А. Бөкейхан атындағы «Binom School» мектеп-лицейінің оқытушысы Жолдыбай Алтай Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.

Іс-шара соңында Президенттік орталық қызметкерлері мен қатысушылар бірлесе отырып «Мен деп ойла» әнін орындады.