Басты бетАстанада «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сараптамалық кездесу өтеді

Астанада «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сараптамалық кездесу өтеді

Астанада «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сараптамалық кездесу өтеді

2026 жылғы 3 ақпанда сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді.

Іс-шараның мақсаты – «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында идеологиялық тұрғыдан айқындалған жаңа саяси ұстанымдар мен құндылықтар жүйесінің мазмұнын, сондай-ақ еліміз Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың кезең-кезеңімен әрі жүйелі реформаларды одан әрі дамытуға серпін беретін бастамаларын қамтитын елдің жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін кеңінен таныстыру.

Кездесуді ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы және Мемлекет тарихы институты.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы қоғамда кең ауқымды резонанс тудырып, қызу талқылау нысанына айналды. Негізгі заңға енгізілген өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін және 77 бабын қамтып, мәтіннің 80 пайыздан астамын құрайды. Жоба конституциялық жаңғыртудың терең негіздерін айқындап, оның аясында Негізгі заңның мазмұны мен тұжырымдамалық тәсілдері түбегейлі өзгеруде.

Конституция жобасы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайды. Мемлекеттің жаңа моделінің айрықша ерекшелігі – Парламенттің, сот жүйесінің және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді неғұрлым теңгерімді бөлуге бағытталуында.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, V Ұлттық құрылтайдың қатысушылары, ғылыми қауымдастық өкілдері, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші сарапшылары қатысады.

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 3 ақпан сағат 10:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а