ҚР Президенттік орталығының кітапханасы – Қазақстан Республикасының Президенті мен экс-Президенттерінің қызметі туралы кітаптармен және олардың елімізде, шетелде жарияланған авторлық туындыларымен толықтырылып отыратын, дамып келе жатқан заманауи мәдени-білім беру орталығы. Кітапхана қорында Мемлекет басшыларына автордың қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар; сирек коллекциялық басылымдар; мерзімді басылымдар; анықтамалық әдебиеттер; биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер бар.
Ағымдағы 2025 жылы кітапхана қоры 300 кітаппен толықтырылды, оның ішінде алыс және жақын шет мемлекеттердің әлемдік көшбасшылары мен көрнекті тұлғаларының, сондай-ақ көрнекті қоғам және саяси қайраткерлерінің, өнер, мәдениет қайраткерлерінің, оқырмандар мен кітапханаға келушілер сыйға тартқан кітаптар бар. Қазіргі уақытта баспа басылымдарының жалпы саны шамамен 23 мың дананы құрайды.
Сонымен қатар Президенттік орталықта кітап оқуды, әдебиетті насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, ағымдағы жылдың 12 наурызында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен ҚР Президенттік орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанның халық ақыны, Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізілді, ал 6 қарашада ағартушы, этнограф, фольклортанушы, ғалым Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Фариза Оңғарсынова атындағы №77 орта мектеп-гимназиясында ұстаздардың, оқушылардың қатысуымен іс-шара өтті. Оқушылар Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы бейнематериалдармен танысып, баяндамаларды тыңдап, викториналар мен талқылауларға қатысты.
Жыл бойы кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстырылып, библиографиялық шолулар жасалды, кітапханашылар күніне арналған «Жаңа кітап - жаңа сыр» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмелердің тыңдаушылары мен қатысушылары – Астана және Атырау қалаларының Binom School мектеп-лицейлер желісінің оқушылары және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері болды. 12 желтоқсанда кітапхана қорындағы ұлттық сана, мемлекеттілік, тарихи сабақтастық және рухани мұра тақырыптарына байланысты 30-дан астам жаңа кітап ұсынылып, жаңа басылымдарға арналған «Тарих мұра және бүгінгі Қазақстан» атты кітап көрмесі мен библиографиялық шолу өтті.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында оқырмандармен кездесу өтіп, «Таза Қазақстан» – табиғат үшін» атты тақырыпқа арналған әдебиеттерге шолу жасалды. Кездесу аясында «Экология ел тағдыры» көрмесі ұйымдастырылып, Президенттік орталықтың қорындағы архивтік құжаттар көрсетілді.
ҚР Президенттік орталығының кітапхана қорында сирек кездесетін басылымдардың бірегей коллекциясы бар. Кітап қорын насихаттау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2025 жылы «Қазақстан XIX-XX ғасырлардағы шығыстанушы ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде» және «Дүниежүзі тарихы» каталогы жарық көрді. Каталог Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша шетел әдебиеті мен Кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген 107 сирек және құнды баспа басылымдардан құрастырылды.
Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясымен ынтымақтастық аясында Президенттік орталыққа Селангор (Малайзия) штатының Бас министрі мен Малайзияның ҚР-дағы елшісі бастаған делегация келді. Делегация назарына сирек және құнды басылымдар қорының бірегей жинақтары ұсынылды. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кәсіби қарым-қатынас үшін платформа құру, екі елдің кітапханалары арасында тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастық және кітапхана жұмысының жобаларын бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі туралы Ниет хатына қол қойылды.
Президенттік орталық Мемлекет басшысының әлемдік көшбасшыларымен ресми кездесулерінде және жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларда тұрақты