Басты бетПрезиденттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ...

Президенттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ өтті

Президенттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ өтті Президенттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ өтті Президенттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ өтті Президенттік орталықта «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» экскурсия-сабақ өтті

21 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында «Жәдігерлер сөйлейді…» циклі бойынша «Батырлар институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» атты экскурсия-сабақ өтті.

Оқушылар экскурсияны Дипломатиялық сыйлықтар галереясынан басталды. Мұнда олар ел тәуелсіздігінің мңыздылығын талқылап, негізгі тарихи даталарды еске түсіріп, қарулы күштердің рөлі мен Отан қорғаушылар күні туралы өзара пікір алмасты.

Сабақтың маңызды тақырыптарының бірі ежелден келе жатқан қаруды сыйға тарту дәстүрі болды. Бұл құрмет пен жоғары мәртебенің ерекше белгісі саналған. Оқушылар экспозицияда ұсынылған әртүрлі елдер мен халықтардың суық қаруының бірегей үлгілерін көріп, олардың символикасы, жасалу әдістері және көркем безендірілуі туралы тың мәлімет алды.

Қатысушылар  қару-жарақ жасайтын әйгілі шеберханаларға баса назар аударды. Оларға орталықтардың тарихы, ою-өрнегінің ерекшелігі, безендіру технологиялары және әлемдік мәдени мұраға енген аты аңызға айналған шеберлер жөнінде баяндалды.

Сабақ барысында оқушылар әр дәуірде қаруға деген көзқарастың қалай өзгергенін талқылап, тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен қазақ батырлары – Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Жәнібек, Тайлақ, Олжабай және тағы басқа тұлғалардың есімдерін еске алды. Дәріскер сондай-ақ Айтолқын, Есенбике, Айбике, Гаухар-батыр сынды қайсар әйел жауынгерлерді де атап өтіп, олардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталғанын айтты.

Қазақ жауынгерінің бес түрлі дәстүрлі қаруын білдіретін «бес қару» ұғымын ашу сабақтың басты мақсаты болды. Оқушылар қылыш, семсер, найза, садақ және айбалта қаруларының тарихи үлгілерімен танысып, олардың қолданылу мақсаты, жауынгерлік қасиеті және көшпелілер мәдениетіндегі орны туралы мол мәлімет алды.

Сабақ соңында оқушылар кейбір экспонаттарды қолмен ұстап көру мүмкіндігіне ие болды.