2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де Таза ауа күніне орай және БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының 30-сессиясы қарсаңында ҚР ПІБ Президенттік орталығы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп «Қазақстандықтардың экологияға көзқарасы» зерттеуінің нәтижелерін ұсынады, ұсыныстарды сараптамалық талқылау өткізеді, сондай-ақ «Климат: кері есеп» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады.
Іс-шара аясында журналистердің климаттың өзгеруі мен биологиялық әралуандықтың жойылу салдары туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға қосқан үлесін көрсететін үздік жұмыстар ұсынылады. Сондай-ақ Қазақстанда бұл салдарларға бейімделу және оларды жұмсарту мүмкіндіктері де қарастырылады.
Аталған жоба Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық акциясымен үндесіп, экологиялық күн тәртібін және тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асырудағы мемлекет пен қоғам күшін біріктіруге бағытталған. Сонымен қатар ол климат тақырыбын жариялауда, экологиялық сананы қалыптастыруда және қоғамды климатқа төзімді болашаққа көшуге ынталандыруда БАҚ-тың маңызды рөлін атап көрсетеді.
Іс-шара жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Бразилия Федеративтік Республикасының, Жапонияның және Еуропалық одақтың Төтенше және Өкілетті Елшілері қатысады деп жоспарлануда.
Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Қоғаммен байланыс бөліміне мына электрондық пошта арқылы: undp.kz.media@undp.org немесе +7 777 24 123 12 телефонына қоңырау шалуға болады.
Аккредитация міндетті!
БАҚ өкілдерінен 2025 жылғы 24 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін сауалнамаға сәйкес деректерін saule.onalbaeva@mail.ru электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Сауле Оналбаева).
Мекенжайы: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.