Басты бетҚазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдану...

Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді

Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында: студенттер PR-коммуникациялардағы нейрожелілерді қолдануды меңгереді

ҚР ПІБ Президенттік орталығында медиасалада жасанды интеллектіні қолдануға арналған шеберлік сабағы өтті.

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында Астана Халықаралық университетінің шамамен 50 студенті цифрлық журналист, PR және коммуникация саласының сарапшысы Руфина Торпищева өткізген «PR-коммуникациялардағы нейрожелілер» тақырыбындағы қонақ интерактивті дәрісті тыңдады.

Аталған шеберлік сабағы Президенттік орталық пен Астана Халықаралық университеті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы іс-шаралар сериясының жалғасы болып табылады және жасанды интеллект технологияларын білім беру мен медиакоммуникацияны қоса алғанда, қоғам өмірінің барлық саласына енгізуді көздейтін Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан Президентінің Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллект технологияларын дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыты болып саналады.

Дәріс қатысушылары жасанды интеллектіні медиаконтентті жасау мен редакциялауда, әлеуметтік желілердегі үлкен деректерді талдауда қолдануды меңгерді. Сондай-ақ журналистика мен PR қызметінде нейрожелілерді пайдаланудың этикалық қырларына ерекше назар аударылды.

 

Анықтама үшін:Руфина Торпищева — Ресей Халықтар достығы университетінің (РУДН, П. Лумумба атындағы) және АҚШ Мичиган мемлекеттік университетінің түлегі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, цифрлық журналист, Astana IT University аға-лекторы, PR және коммуникациялар саласының сарапшысы, «JÜZ PAİYZ MEDIA» агенттігінің негізін қалаушы. PR және GR саласында 15 жылдық тәжірибесі бар.