Басты бетЖас ұрпаққа экологиялық мәдениеттің жаңа идеологиясы туралы

Жас ұрпаққа экологиялық мәдениеттің жаңа идеологиясы туралы

Жас ұрпаққа экологиялық мәдениеттің жаңа идеологиясы туралы Жас ұрпаққа экологиялық мәдениеттің жаңа идеологиясы туралы Жас ұрпаққа экологиялық мәдениеттің жаңа идеологиясы туралы

19 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінде «Заманымыздың экологиялық проблемалары: жағдайы мен шешу жолдары» атты көшпелі дәріс өтті.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында су және табиғи ресурстарды үнемдеу төңірегінде жаңа идеологияны дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

         Өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында жастардың экологиялық көзқарасын, оның ішінде экологиялық жауапкершілік пен табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін экология бойынша дәрістер өткізіліп келеді.

         Дәрісте Жердің экожүйесінің тұтастығы мен құрылымын бұзатын негізгі факторлар: жаһандық жылыну, озон қабатының жұқаруы, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы қарастырылды. Дәріскер экологиялық мәселелер тек жаһандық деңгейде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да барған сайын байқалып келе жатқанын атап өтті. Еліміздің алдында тұрған өзекті мәселелердің қатарында Арал теңізінің су деңгейінің төмендеуі, Семей ядролық полигонының зардаптарын жою қажеттілігі, су ресурстарының созылмалы тапшылығы бар.

         «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны еліміздің барлық өңірлерін қамтып, миллиондаған мүдделі азаматтардың басын біріктіріп, кеңінен талқылауға себеп болды.

         Мемлекет басшысы атап өткендей:

         «Бұл біздің отандастарымыздың жасампаз құндылықтары мен ұмтылыстарының жарқын көрінісі. Осы жұмысқа атсалысқан барлық азаматтарға, әсіресе жастарға алғысымды білдіремін. Қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін Үкімет мектептерден бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейлерді қамтитын бірыңғай экологиялық білім беру стандартын енгізуі керек».