Басты бетҚР Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды ин...

ҚР Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтеді

ҚР Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі   «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты  Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтеді

2025 жылғы 9 қыркүйекте сағат 15.00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын сараптамалық талқылау өтеді.

Жыл сайын кез келген мемлекет үшін ең маңызды саяси оқиға – елдің даму стратегиясының басым бағыттарын айқындайтын Президенттің халыққа Жолдауы болып табылады. Жолдаудың мәндік өзегі – ел дамуының қорытындыларын шығару, орта мерзімді, сондай-ақ ішінара ұзақ мерзімді перспективаға арналған міндеттерді айқындау.

Сараптамалық талқылаудың мақсаты – Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарын қоғамдық-саяси және экономикалық дамудың өзекті мәселелері тұрғысынан талдау. Аталған іс-шараны өткізу қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени ұстанымдардағы тұжырымдамалық өзгерістермен байланысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстанның саяси партияларының өкілдері, ғылыми қауымдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ, жетекші қазақстандық сарапшылар және ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері қатысады.