
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік өкілдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, 2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 14:00-де жоғары оқу орындары оқытушыларының форсайт-құзыреттерін дамытуға бағытталған «Білім берудің болашағы: цифрлық трансформация дәуіріндегі форсайт және жасанды интеллект» атты оқыту тренингін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында инновациялық тәсілдерді енгізуге оқытушылардың дайындығын арттыру. Тренинг барысында педагогикалық тәжірибеде жасанды интеллектті қолданудың этикалық аспектілеріне және болашақпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстар ЮНЕСКО-ның Жасанды интеллекттің этикасы жөніндегі ұсынымдары және Тұрақты даму мүддесіндегі ғылымның халықаралық онжылдығы (2024–2033 жж.) аясында жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер:
– Қатысушылардың ЮНЕСКО-ның болашақ сауаттылығы мен білім берудегі жасанды интеллект этикасына қатысты тәсілдері туралы хабардарлығының артуы;
– Жоғары оқу орындары оқытушыларының базалық форсайт-құзыреттері мен болашақ сценарийлерін талдау дағдыларын қалыптастыру;
– Білім беру процесіне инновациялық және этикалық тұрғыдан негізделген технологияларды енгізу бойынша академиялық ортаның әлеуетін нығайту.
Шақырылған лектор: Шевченко Е.В. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жер, ғарыш және коммуникация ғылымдары орталығының директоры.
Тренинг жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, ұлттық және өңірлік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысады.
Мекенжайы: Астана қаласы, А. Мәмбетов көшесі, 14, БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігі.