Басты бетПрезиденттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ы...

Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті

Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті Президенттік орталықта «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара Ғылым күніне орайластырылып, білім, ғылым және халықаралық серіктестіктің даму болашағын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.​

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР ПІБ Президенттік орталығы, Astana International University, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Томск мемлекеттік университеті, Чатрапати Шаху Джи Махараджа атындағы университет, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті.

«Бүгінде біз қарқынды өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, бұл кезеңде ғылым жаһандық мәселелерді шешуде барған сайын маңызды рөл атқаруда. Климаттың өзгеруі, энергетикалық дағдарыс, ресурстардың тапшылығы, цифрлық қауіпсіздік және басқа да өткір мәселелер инновациялық көзқарастар мен ғылыми шешімдерді талап етеді. Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне арналған өз сөзінде: «Ғылым шыңына апарар жол – қиын. Бұл жолда тек өз ісіне шын берілген, еңбекқор, табанды және шығармашыл жандар ғана қиындықтарға төтеп бере алады. Шын мәнінде озық ұлтқа айналу үшін осы құндылықтарды қоғамға сіңіруіміз қажет», – деп атап өтті. Бүгінгі конференциямыз алыс-жақын шетелдер мен Қазақстан өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулерді бастауға, академиялық ашықтықты кеңейтуге жағдай жасап, осы үдерістерге өз үлесін қосады», – деді ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

 «Бүгінгі конференция — бұл Қазақстанның білім және ғылым саласындағы жаһандық үдерістерге белсенді қатысуының айғағы. Біз үшін бұл тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар болашақтағы халықаралық әріптестіктер мен ортақ жобаларға бастама болатын маңызды қадам. Қатысушылар мен спикерлердің ауқымы бұл алаңның өзектілігін және маңыздылығын дәлелдеп отыр. Ғылым мен білімге негізделген даму – еліміздің стратегиялық таңдауы», — деді Astana International University бірінші вице-президенті Анар Мырзагалиева.  

Пленарлық отырысқа Қазақстанның ғылыми және білім беру қауымдастығынан 100-ден астам өкілдер, сондай-ақ Қытай, Ресей, Польша, Үндістан, Қырғызстан және басқа елдерден келген сарапшылар қатысты.

Айта кету керек, конференция бағдарламасы цифрландыру, генеративті жасанды интеллектіні пайдалану, жаһандық экономика, креативті индустриялар, халықаралық ынтымақтастық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ жаһандық трендтер аясында білім беруді дамыту перспективалары сияқты негізгі бағыттарды қамтыды.

Қалған іс-шаралар ағымдағы жылғы 25 сәуірге дейін университеттің оқу ғимараттарында жалғасады. Іс-шара аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар және білім мен ғылым саласындағы танымал сарапшылар өткізетін шеберлік сабақтары жоспарланған.

Конференция тек ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар академиялық қауымдастық, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері арасындағы тығыз байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.