


Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясында Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге арналған танымдық сабақ өтті.
Екінші сынып оқушылары әлемдегі және мемлекеттегі ақшаның мәні мен рөлін, валютаның пайда болуы мен даму тарихын білді. Жеткіншектер теңге тарихымен танысып, қазақ банкноттары мен монеталары және олардың элементтері мен бөлшектерінің суреттерін тамашалады.
Сонымен қатар, балалар коллекциялық: естелік және мерейтойлық монеталар шығарылатындығы туралы мол мағлұмат алды.
Оқушылар сабақтың практикалық бөлігінде «Сиқырлы сандықша» интерактивті ойынын ойнап, қазақстандық купюралар бейнеленген пазлдарды құрау арқылы танымдарын кеңейтті.
Сабақ соңында дәріскер ұлттық валютаны сақтау мен құрметтеудің маңыздылығына тоқталып, төл теңгенің еліміздің экономикалық әрі мәдени бірегейлігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.