Басты бетБолашақты өз қолымызбен жасаймыз

Болашақты өз қолымызбен жасаймыз

Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз Болашақты өз қолымызбен жасаймыз

13 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Еңбек адамынан – ұлттың жаңа сапасына» атты кездесу өтті.

Белгілі болғандай, жұмысшы мамандығының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды.

Президенттік орталық жастар арасында еңбексүйгіштік пен кәсіпқойлық идеясын, еңбек адамына құрметпен қарауды, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыруды ілгерілетуге бағытталған кездесулер мен басқа да іс-шаралар циклін іске асыратын болады.

Кездесудің спикері жол құрылысы саласындағы инженер-құрылысшы, BI-Group компаниясы даму бөлімінің басшысы Айбек Орынбеков болды.

Ол «Әділ қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты екі күндік семинар-тренингке қатысқан Астана қаласындағы техникалық және құрылыс-техникалық колледждерінің студенттеріне өзінің мамандыққа келуі, қалыптасуы және мансаптық жолы туралы айтып берді. Құрылыс саласындағы жұмыстың ерекшеліктерімен, іске асырылған жобалармен таныстырып, «құрылыс салу – болашақты өз қолыңызбен жасау»  деп атап көрсетті. Сондай-ақ, қонақ кездесуге қатысушыларға құрылыс саласында жұмыс істейтін түрлі мамандардың жұмыс күндері туралы бірнеше бейнеролик көрсетті.

Айбек Кәрімұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, сертификаттарды тапсыру рәсіміне қатысты.