





13 ақпанда Астана қаласының №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары ҚР ПІБ Президенттік орталыққа «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» атты музейлік сабаққа қатысу үшін келді.
Сабақтың басында дәріскер мен оқушылар еліміздің тәуелсіздігінің маңызы, оның қалыптасу тарихы және мемлекеттік мерекелер – Тәуелсіздік күні мен Отан қорғаушылар күні туралы әңгіме өрбітті. Оқушылар белсенді түрде өз білімдерін ортаға салып, пікір алмасып, елдің қауіпсіздігін талқылады.
Келесі кезекте сабаққа қатысушылар батырлар институтымен және оның қазақ қоғамындағы маңызды әскери-саяси рөлімен танысты. Дәріскер батырлық жай ғана әскери іс емес, көшпелі халықтың өмірінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Батырлар бар өмірін әскери жорықтарда өткізді, ал шайқаста қаза табу абырой саналды.
Қару-жарақ сыйлау дәстүріне, оның тарихы мен мәніне ерекше көңіл бөлінді. Балалар бес қару түрін қамтитын қазақ батырының қару-жарақ жүйесі – «бес қару» ұғымымен тереңірек танысты.
Музей экспонаттарымен тактильді байланыс әдісінің қолданылуы сабақтың ең әсерлі сәттерінің бірі болды. Оқушылар қару-жарақ топтамаларын тамашалап, әйгілі қару-жарақ мектептерін зерттеп, бірегей артефактілерді қолдарымен ұстай алды.
Музей сабағы мектеп оқушыларына Қазақстан тарихы туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өз халқының мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар салт-дәстүрге құрметпен қарауға, елдің тарихи өткенінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.