


ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттеріне «Қазіргі заманның экологиялық мәселелері: жай-күйі және шешу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруды бірнеше рет атап өтті: «Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады».
Дәріс барысында студенттер ғаламдық жылыну, озон қабатының бұзылуы және табиғи ресурстардың сарқылуы сынды негізгі экологиялық проблемалармен танысты. Халықаралық бастамалар мен Халықаралық табиғатты қорғау одағы, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және Гринпис сияқты жетекші экологиялық ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды.
Студенттер 2019 жылы бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын жүзеге асыруды талқылауға белсене қатысты.
Бұл бағдарлама халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударуға бағытталған.
Іс-шараға 60 студент қатысты.
Акция аясында ел аумағында сенбіліктер, экодәрістер мен волонтерлік іс-шаралар өткізілуде, оған ұйымдардың қызметкерлері, жастар еңбек жасақтары мен белсенділер қатысады. Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық жауапты қоғамды қалыптастыруға ықпал етіп, еліміздің тұрақты болашағының негізін қалайды.
Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылы «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылардың жалпы саны 6,2 млн адамды құраған. 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылған.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының ағаш егу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл 494 мың гектар алқапқа 336,5 миллион көшет отырғызу жоспарланған.