


2025 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат пен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі делегациясының м.а. БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Стивен О'Мэллимен кездесу өтті.
Кездесу барысында Б.Темірболат Стивен О’Мэллиді осындай жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады, сондай-ақ біздің ұйымдар арасындағы мәдени-гуманитарлық алмасу тұрғысынан әріптестерінің сапарының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Б.Темірболат Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы өз пайымдауларымен бөлісті.
Өз кезегінде Стивен О’Мэлли ҚР Президенттік орталығының басшылығына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, алдағы жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін шешуде және БҰҰ Жарғысының құндылықтарын ілгерілетуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы ортақ түсіністікке келді.