

29 қаңтарда Мәдени және білім беру жобалары қызметінің қызметкерлері Ғафу Қайырбековатындағы №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» көшпелі музей сабағын өткізді.
Қызықты сабақ барысында оқушылар «Ақшақалай пайда болды?» танымдық мультфильмін тамашалап, теңгенің тарихымен танысып, Қазақстанның Ұлттық банкінің функциялары мен ұлттық валютаны қорғау дәрежелері туралы білді.
Интерактивті тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды. Олар банкноталар мен тиындар бейнеленген пазлдарды құрастырып, ойындарға қатысып, алған білімдерін бекітіп, сұрақтарға жауап берді.
Сабақ оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық валютаның тарихына қызығушылығын арттыруға және Қазақстанның тәуелсіздігімен келген теңгенің құндылығын ұғынуға бағытталған.