Басты бетҰлттық аспап – ұлы мұра

Ұлттық аспап – ұлы мұра

Ұлттық аспап – ұлы мұра Ұлттық аспап – ұлы мұра Ұлттық аспап – ұлы мұра Ұлттық аспап – ұлы мұра

Бүгін елордадағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары ҚР ПІБ Президенттік орталығында өткен «Қазақтың музыка өнері» музей сабағына қатысты.

Музейдің интерактивтік залындаұйымдастырылған сабақта қобыз, домбыра, жетігенді ұстап көрген жасөспірімдер ұлттық аспаптардан төгілген күйлерді тыңдады. Сабақ барысында қатысушылар қобыз аспабының түрлері, күй атасы Қорқыттың шығармалары мен нақыл сөздері туралы мол мағлұмат алып, Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова т.б. қазақтың танымал күйшілерінің өмір жолына терең бойлады. Сондай-ақ оқушылар үрмелі аспап сазсырнайдың жасалу жолына, үніне қызығушылық танытты. 

Сабақ соңында №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Даниал Задаев Дәулеткерейдің «Жеңгем сүйер» күйін нақышына келтіріп орындады. 

«Сабақ жақсы өтті. Оқушылар Президенттік орталықтың музей залында орналасқан ұлтымыздың ұлттық аспаптарын ұстап көріп, музыка әлеміне енгендей ерекше әсерде болды. Сондай-ақ өнер майталмандарының шығармашылығы туралы көпақпарат алды», – деп ой бөлісті №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлден Рахметоллақызы