Басты бетҚР Президенттік орталығының музей жинағы: Камин сағаттары. «Шердор медресесі» (Мемлекет басшысына...

ҚР Президенттік орталығының музей жинағы: Камин сағаттары. «Шердор медресесі» (Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2021 жылғы 6 желтоқсан (Астана қ.)

ҚР Президенттік орталығының музей жинағы: Камин сағаттары. «Шердор медресесі» (Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2021 жылғы 6 желтоқсан (Астана қ.)

«Медресе Шердор» мантель сағаты - жезден және малахиттен қолдан жасалған, эмальмен және 958 сынама алтынмен қапталған, Мемлекет басшысына Қ.Қ.Тоқаевқа Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында табыс етті..  

Шердор медресесі - Регистан алаңындағы Самарқанд қаласындағы XVII ғасырдағы ислам білім беру, рухани-ағарту және мемориалдық-ғибадат ғимараты.

Медресе 1619-1636 жылдары Самарқанд билеушісі Баходур Яланғтуштың өкімімен салынған. Улугбек және Тілля-Кари медреселерімен бірге тұтас сәулет ансамблін құрайды.

Айта кету керек, 2001 жылы Самарқандтың басқа да көрікті жерлерімен бірге ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.

Қазіргі атауы – «Шердорды» – ол салтанатты порталдың жақтауындағы мозаикалық өрнегіне бола атанды. Декор шебері жаңа күннің шуағымен арыстанның жалы бар, мысық тұқымдас фантастикалық жыртқыштың жейранға аңға шығуы сәтін суреттеген. Атауы «арыстаны бар» немесе «жолбарысы бар» деп аударылады. Медресе порталында келтірілген сюжет кейінретке Өзбекстан Респуликасының нышандарының біріне айналды.

ХХ ғасырдың 20 жылдары Кеңес үкіметі ұйымдарының қаулысы бойынша медреседе білім беруге тыйым салынды. Ғимарат ұлттандырылып, 1924 жылы онда реставрациялық жұмыстар басталды. Худжралар (кішкене бөлемлер) жөнделді, портал аркасының құлап жатқан бөлігі қалпына келтірілді, бас портал жақтауының  сәнді мозаикасы бекітілді және т.б. өткен ғасырдың 50 жылдары медресе территориясында археологиялық ізестіру жұмыстары жүргізіліп, реставрациялаудың жаңа кезеңі басталды.

1960-1962 жж. медресе минареттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суретші В.Н. Горохов және сәулетші А.И. Фрейтагтың жобалары негізінде басты порталдың жақтауындағы мозаика қалпына келтірілді. Медресені реставрациялау және бекіту жұмыстары 1965-1967 жылдары аяқталды.