Басты бетПрезиденттік орталықтың лекторийі басталды

Президенттік орталықтың лекторийі басталды

Президенттік орталықтың лекторийі басталды Президенттік орталықтың лекторийі басталды Президенттік орталықтың лекторийі басталды Президенттік орталықтың лекторийі басталды Президенттік орталықтың лекторийі басталды Президенттік орталықтың лекторийі басталды

Президенттік орталықтың 2025 жылғы лекторийі «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» музей сабағынан бастады. 21 қаңтарда Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушылары музей әлемін қабылдау арқылы мәдени-тарихи құндылықтарымен, өз халқының және туған жерінің тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

Экскурсия-сабақ басында дәріскер Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тақырыбына тоқталды: оқушылар өздері білетін фактілерді айтып, пікір алмасты. Сонымен қатар, олар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін және Отан қорғаушылар күнінің осымен қаншалықты байланысты екенін талқылады.

Содан кейін тыңдаушылар қару сыйлау дәстүрі, оның тарихы мен ерекшеліктері туралы біліп, музей экспозициясында ұсынылған қару-жарақ топтамасымен танысты.

Сабақтың басты тақырыбына тоқталған дәріскер батырлардың қазақ қоғамы мен тарихындағы ерекше рөлін атап өтті.

 «Батырлық қазақтардың көшпелі қоғамында әскери ұйымда жетекші рөл атқарған ерекше әскери-саяси институт болды. Әскери өнер батырдың өміріндегі негізгі кәсібі саналды. Сондықтан, бұл қоғамдық топтың өкілдері қартайғанша бүкіл өмірін соғыста өткізді. Батырдың соғыста қаза болуы абырой саналған», – деді дәріскер.

Қазақ батырларының «бес қарумен» қарулануына ерекше көңіл бөлінген.

Оқушылар үшін ең қызықтысы қарумен тактильді байланыс болды: олар қаруды қолында ұстап көріп, кейбіреулері өздерін ұлы батырдай сезінгендерін атап өтті.