Басты бетҚазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Күн сағаты. Айналдыру. HGTECH (Мемл...

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Күн сағаты. Айналдыру. HGTECH (Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2023 жылғы 13 қыркүйек (Астана)

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Күн сағаты. Айналдыру. HGTECH (Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2023 жылғы 13 қыркүйек (Астана)

HGTECH Co. Ltd компаниясының Төрағасы Ма Синьцяннан. 13.09.2023 ж.  

2023 жылдың 13-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «LY iTECH» компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен «HGTECH Co. Ltd» компаниясының төрағасы Ма Синьцянды  қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрмыстық электроника, автомобильдер, смартфондар, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласындағы компоненттерді шығаратын Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындарының қызметі туралы баяндалды.

Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды.

Күн сағаттары дегеніміз күн сәулесі арқылы уақыт анықтауға қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта қозғалмайтын етіп бекітілген өзекшесі мен пластинкасы бар тең бөліктерге бөлінген циферблаттан тұрады. Өзекшенің циферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады.

Кейбір деректерге қарағанда, алғашқы күн сағаты Мысырда пайда болған деп айта аламыз.

Басқа зерттеушілер күн сағатын ортағасырлық астроном және математик Джабир ибн Афлах ойлап тапқан деп мәлімдейді.