
(Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2023 жылғы 1 қараша (Астана қ.).
Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлаған естелік медаль.
Естеріңізге сала кетейік, Эммануэль Макрон 2023 жылдың 1 қарашасында Мемлекет басшымыздың шақыруымен Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген болатын.
Бүгінде Франция Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі және Еуропалық одақтағы маңызды серіктес болып табылады.
Өткен екі жылда өзара тауар айналымы 30% -ға өсіп, 4 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұдан басқа, Франция біздің республикамыздың экономикасына 20 млрд астам АҚШ долларын инвестициялады. Бүгінде Қазақстанда 170-тен астам француз компаниясы табысты жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта қазақстан-француз жобалары энергетика, атом өнеркәсібі, тау-кен өндіру, химия, машина жасау, құрылыс, аэроғарыш және фармацевтика салаларында іске асырылуда.
Біздің еліміз Францияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып табылады, оның ішінде сауда тұрғысынан да – оның өңірлермен барлық саудасының шамамен 90% -ы Қазақстанға тиесілі.