
(Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан).
Бұл шай сервизі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевқа 2023 жылғы 2 қарашада Қазақстанға ресми сапары аясында Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан сыйға тартты.
Венгрия жері каолинге бай, сондықтан мұнда XVII ғасырдан бастап керамика мен қыш бұйымдарын шығаратын шағын цехтар өркендеді.
1826 жылы неміс өнеркәсіпшісі Винзе Стингль өзінің курорттарымен әйгілі Балатон көлінің жанындағы Геренд қаласында шағын мануфактура ашты. Уақыт өте келе өндіріс дамып, Геренд фарфор бұйымдары үлкен сұранысқа ие болды.
1842 жылы мануфактура Венгрияның елтаңбасын пайдалану құқығымен «Императорлық және Корольдік артықшылықты фарфор зауыты» атағын алды. Ал 1948 жылы Геренд фарфор зауыты ұлттандырылды.
Херендтің қызметі Венгрия мұрасының маңызды бөлігі ретінде танылғанын айта кеткен жөн.
https://www.instagram.com/presidentcenterkz/