Басты бетҚазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Шапан

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Шапан

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музей жинағы: Шапан

(Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 17 қыркүйекта 2023 (Душанбе қ.).

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Душанбеге жұмыс сапары аясында Тәжікстан Президенті Э.Рахмон ұлттық тәжік киімінің элементін - қолдан жасалған шапанды табыс етті.

Тәжіктердің ұлттық киімдері тұратын өңірлеріне қарай әртүрлі, яғни түсі мен өрнегі бойынша ерекшеленеді. Алайда, жалпы киім үлгісі ұқсас.

Ерлердің киімі - бұл жейде, кең шалбар, халат, шарф-белдік, тюрбан немесе чалма, былғары етік, тұмсығы бар галош (етіктің сыртқы жағына киіледі).

Әйелдер ұзын жеңді жейде және кең шалбар киеді. Бастарына орамал немесе тюрбан киіледі.

Қазіргі уақытта ұлттық киім үлгісі Тәжікстанның ауылдық жерлерінде сақталып келеді. Әйелдер мен қыздар тойлар немесе туған күндер сияқты мерекелерде орамал және тюрбанды жиі пайдаланады.

https://www.instagram.com/presidentcenterkz/