«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Экскурсия жұмысы қызметінің маманы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытында және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; Президенттік орталықтың ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; келушілердің әртүрлі жас және әлеуметтік топтарына мемлекеттік және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау мәтініне сәйкес экскурсия жүргізу әдістемесін меңгеру; шолу экскурсиясының жеке мәтінін дайындау; Президенттік орталықтың уақытша көрмелерін өткізуге қатысу; экскурсия жүргізушінің жеке папкасын қалыптастыру; Қызмет басшысына жылдық, жартыжылдық, тоқсандық және апталық жұмыс жоспарлары мен есептерін ұсыну; Қызметтің құжаттамасын қазақ, орыс тілдеріне аударуды қамтамасыз ету; Қызмет жұмысын Президенттік орталықтың басқа құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ тиісті орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, мәдени-білім беру мекемелерінің, ҮЕҰ-ның, экскурсиялық қызмет саласындағы қоғамдық ұйымдардың қызметімен үйлестіру; Президенттік орталық қызметінің бағытына байланысты президенттік және мәдени орталықтар жұмысының озық тәжірибесін зерделеу, оны пайдалану жөнінде ұсыныстарды талдау және дайындау; Ғылыми конференцияларға, семинарларға және Президенттік орталықтың ағарту жұмыстарына қатысу; Қызмет басшысының, Президенттік орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызмет маманы лауазымына жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (мәдениет және өнер, гуманитарлық, педагогикалық, ақпараттық технологиялар) бар, адам жұмыс өтіліне талаптар қойылмай тағайындалады.
Қызмет маманы: музей ісі саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін; экскурсиялық қызметке қатысты әдістемелік құжаттарды; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; жоспарлы-есептік құжаттаманы құрастыру тәртібін; музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету негіздерін; компьютерлік техниканы қолдану негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) объектив -анықтамасы;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.