






2024 жылғы «Әділетті қоғам-Адал азамат»семинар-тренингінің соңғы тыңдаушылары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетінің 1-2 курс студенттері болды.
Қазақстанның барлық өңірлерінен келгенжоғары сынып оқушыларына, колледждер менжоғары оқу орындарының студенттеріне арналғанекі күндік семинар-тренингтер жастарды патриотизм және азаматтық сана рухындатәрбиелеу, өскелең ұрпақтың жасампаздыққұндылықтық көзқарастарын нығайту контекстіндеқазақ мемлекеттілігінің тарихын және ҚазақстанРеспубликасының дамуын насихаттауғабағытталған.
Дәрістер барысында тыңдаушыларға ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіз мемлекеттілігініңқалыптасу кезеңдері, экономика мен әлеуметтіксаланың даму ерекшеліктері, жаңғыртудың күн тәртібі мен трансформациялардың тұжырымдамалық мәселелері, елімізде өмірдіңжаңа сапасына қол жеткізудің өзекті мәселелері, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтыңәділ және құқықтық мемлекетті құру жолындағышешімдері мен бастамалары түсіндіріледі.Бағдарламаның теориялық бөлігі стратегиялыққұжаттар мен Президенттің Қазақстан халқынаЖолдаулары негізінде әзірленеді және уақытқа сайөзектендіріліп отырады. Атап айтқанда, соңғы үшайдағы дәрістерде «Әділетті Қазақстан: Заң жәнетәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм»атты қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының тезистерін талдау қамтылды.
Практикалық сабақтар мен тренингтерқатысушылардың жеке және командалықұтымдылығын арттыруға ықпал етеді.
«Семинарда біз қоғамымыздың көптегенәлеуметтік мәселелері туралы білдік, ең бастысы,оларды шешудің жолдарын табуды үйрендік.Дәріскерлеріміздің арқасында біз, жастар, көп жағдайға әсер ете алатынымызды, бәрі өзіміздіңқолымызда екендігін түсіндік. Менде өз елімеқызмет етемін деген мақсат мен ұмтылыс пайда болды», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ студентіНұрхия Көмекова.
«Әділетті қоғам – Адал азамат» онлайнсеминар-тренингінің ұйымдастырушыларынаалғыс айтқым келеді. Ол өте танымдық сипатта,қызықты болды және мені әділеттілік тақырыбытуралы ойлануға мәжбүр етті. Барлық тапсырмаларөте қызықты болды. Екі күндік оқу біздепатриотизм мен еліміз үшін мақтаныш сезіміноятты. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі депүміттенеміз», – деп жазды Қорқыт ата атындағыҚызылорда университетінің студенті ГаухарҚуанышбай.
Жыл басынан бері жалпы саны 1437тыңдарман, оның ішінде 667 – ЖОО студенттері,110 – колледж студенттері, 660 – мектепоқушылары қатысқан барлығы 52 семинар-тренинг өткізілді.