






Қазақстан Республикасы Президенті ісбасқармасына қарасты Президенттік орталығында«ҚР Президенттік орталығының цифрлықдәуірдегі архив және кітапхана қорлары» аттысеминар өтті.
Бұл шараға Астана қаласындағы елордалыққызмет көрсету және туризм колледжініңоқытушылары, студенттері және кітапханақызметкерлері қатысты. Барлығы 30-ға жуық адамболды.
Семинар барысында Қазақстан РеспубликасыПрезиденттік орталығының қызметітаныстырылды, сондай-ақ осы ұйымның архивжәне кітапхана қорларының электрондыресурстарының жұмысымен таныстыру, «ЖаңаКітап - Жаңа сыр» атты ресми іс-шаралар аясындамемлекет басшыларының ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевқа сыйғатартқан жаңа басылымдарына арналған көрмесікөрсетілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша іс-шарағақатысушыларға ҚР ПІБ Президенттік орталығыныңмузейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Анықтама. Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының кітапханасы жай ғана кітап қорларының қоймасы емес, Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-Президенттерінің қызметі туралы кітаптармен, олардың елде және шетелде басылған төл туындыларымен әзірленген және толықтырылған, сондай-ақ Орталық кітапхана қорларындағы жинақтарда отандық және әлемдік әдебиеттің ең ұлы інжу-маржандарының жинақтарымен; қазақстандық және шет мемлекеттердің әлемдік көшбасшылары мен көрнекті тұлғаларының сыйлық кітаптарының жинақтарымен толықтырлыған.
Орталықтың кітапханасы заманауи автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (ALIS) YORDAM жүйесімен жабдықталған, оның негізгі элементі барлық функциялары бар электрондық каталог (ЭК) болып табылады.
ҚР ПО кітапханасы заманауи автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық YORDAM жүйесімен жабдықталған, ол жаңа кітапханалық технологияларды, дүние жүзіндегі жетекші кітапхана ұйымдарында (корпоративтік каталогтау, электрондық ресурстар каталогтарын жүргізу, электрондық каталогтар мен толық мәтінді жинақтарға ашық қолжетімділік және т.б.) енгізілген.
Тарих, философия және саясаттану ғылымдарымен айналысатын ғалымдар мен жас зерттеушілер бұл кітаптармен заманауи компьютерлік технологиялармен және интернетпен жабдықталған 14 жұмыс орны бар Кітапхананың оқу залымен танысып, жұмыс істей алады. Кітапхана қызметтері тегін және оқырмандар үшін әрқашан ашық.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының архив қорында 160 мыңнан астам есеп бірлігін құрайтын құжаттық қор бар. Құжаттардың құрамы – Тәуелсіз Қазақстан мен мемлекетіміздің қалыптасу тарихына, президенттік институттың қалыптасуына, халқымыздың мәдени мұрасына қатысты құжаттар топтамасы. Құжаттардың түрі: қағаз құжаттар, фотоқұжаттар, аудио және бейне құжаттар.
Президенттік орталықта құжаттарды қабылдау, сақтау және пайдалану бойынша архив жұмысын автоматтандыратын «Жеке архив» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.