Басты бетМузейдегі тарих сабағы

Музейдегі тарих сабағы

Музейдегі тарих сабағы Музейдегі тарих сабағы

«Батырлар институты: салт-дәстүр, мәртебе және қару-жарақ» музей сабағы Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығында 26 қараша күні Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін өткізілді. ​​​​​«Қазақстан әлем қауымдастығында» музей залында өткен қызықты сабақ барысында мектеп оқушылары «бес қару» ұғымымен – оларға жататын садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпармен танысты. Сонымен қатар балалар қару тапсыру дәстүрімен танысып, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері мен республика Қарулы Күштерінің құрылуы туралы білімдерін бекітті. ​​​​​​​​​​​​Оқушылар экспозицияға қойылған қару-жарақ топтамасына үлкен қызығушылықпен қарап, қару-жарақ шеберлігінің әйгілі мектептерімен танысты. Балалар экспонаттарды қолмен ұстап көрді.