Басты бетҚазақстанның Ұлттық валюта күніне арналған музей сабақтары

Қазақстанның Ұлттық валюта күніне арналған музей сабақтары

Қазақстанның Ұлттық валюта күніне арналған музей сабақтары

Ағымдағы жылдың 12 мен 15 қарашасында Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері елордадағы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі мен №99 орта мектебінде көшпелі музей сабақтарын өткізді.

1993 жылғы 15 қарашада тәуелсіз Қазақстан өз валютасы – Теңгені айналымға енгізді, бұл біздің мемлекетімізге өз тәуелсіздігін нығайтуға, нарықтық экономиканы құруға әрі дамытуға мүмкіндік берді. 15 қараша –Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 

«Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы»сабағы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтуге және теңгенің айналымға енгізілутарихына, сондай-ақ жалпы мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихына қызығушылығынқалыптастыруға бағытталған.

Қызықты сабақ барысында оқушылар ақшаның қалай пайда болғанын, ақшаның қандай түрлері бар екенін біліп, төл теңгенің тарихымен және оның айрықша ерекшеліктерімен танысты. Ойын тапсырмалары мен танымдық мультфильм балаларға жаңа ақпаратты игеруге әрі бекітуге септігін тигізді.