


ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы №89 «Қыз жібек» балабақшасының «Алтынай» мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне көшпелі музей сабағын өткізді.
Сабақ танысу ойынынан басталды, содан кейін балалар жұмбақтарды шешіп, «музей», «экспонат» және «коллекция» ұғымдарымен танысып, сөздік қорын байытты.
Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының музей қорындағы экспонаттардың түпнұсқасын қолмен ұстап көру сабақтың басты ерекшелігі болып саналады.
«Топтаманы толықтыр» интерактивті ойыны арқылы және сұрақтарға жауап беру барысында балабақша тәрбиеленушілері алған білімдерін бекітті.
Балабақша меңгерушісі Жанар Мұқашева ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлеріне сабақ өткізгені үшін алғыс айтып, тәрбиеленушілердің белсенді қызығушылығын атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтастықта болатынына сенім білдірді.